«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» ![]()
Мектебімізде озат оқушылардың, өнер мен спортта, білім бәйгесінде топ жарған дарынды шәкірттердің қатысуымен «Үздіктер шеруі» атты салтанатты іс-шарасы өтті.
Бұл – талмай еңбектеніп, биік белестерді бағындырған шәкірттердің жеңісі мен ұстаз еңбегінің жемісі. Әр жетістік – үлкен ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесі.
Дарынды жастарымыздың алар асуы биік, бағындырар белесі көп болсын!
Жас түлектерімізге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз! ![]()
#ҮздіктерШеруі #ЖасДарын #ЖарһқынБолашақ #МектепӨмірі #Білім #Жетістік
![]()
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ...
![]()
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні 1–11-сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
![]()
Тақырыбы: “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері”
![]()
Мақсаты: оқушыларға жазғы демалыс кезінде кездесетін түрлі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру, олардың өмір қауіпсіздігін сақтауға баулу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
![]()
Іс-шара барысында оқушыларға:
судағы қауіпсіздік;
жол қозғалысы ережелері;
күннің ыстығынан, өрттен және электр құралдарынан сақтану жолдары;
табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері жазғы демалыстың балалар үшін ең қуанышты әрі асыға күтетін кезең екенін атап өтіп, осы уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екенін ескертті.
ЖАЗҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Суда:
* Тек құтқарушылары бар арнайы жағажайларда шомылу;
* Үлкендердің қарауынсыз суға түспеу;
* Терең су мен қатты ағысқа жақындамау.
Күн астында:
* Міндетті түрде бас киім кию;
* Көбірек таза су ішу.
Жолда:
* Велосипед немесе самокатпен жолдан өтпеу;
* Жолды тек жаяу жүріп өту;
* Жолда құлаққап тақпау және телефонға алаңдамау.
Үйде:
* Терезе торына сүйенбеу;
* Терезеге арнайы қауіпсіздік құлпын орнату;
* Электр құралдарын үлкендердің бақылауынсыз қолданбау.
Табиғат аясында:
* Белгісіз жидектер мен өсімдіктерді жемеу;
* Кенеден сақтану;
* Орманда от жаққан жағдайда толық сөндіріп кету.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір ата-ана мен ұстаз балаға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, олардың амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
9 және 11-сынып бітірушілеріне байланысты келесі талаптарды назарға алуларыңызды сұраймыз.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
МІНДЕТТІ:
Ескерту:
Аталған талаптар барлық 9 және 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына ортақ.
Бала қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Жаз – демалыс пен қуаныштың мезгілі!
Жамбыл атындағы мектеп-лицейі “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға жаз мезгілінде өз қауіпсіздігін сақтау жолдары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, суға шомылу кезіндегі сақтық, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, табиғат аясындағы тәртіп, күннен қорғану және бейтаныс адамдармен қарым қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жан-жақты талқыланды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаяттар бойынша пікір алмасты. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаты балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыра түсті.
Балалардың жазғы демалысы көңілді, жарқын әрі ең бастысы — қауіпсіз болсын!