Мерей тоймен құттықтау


Құрметті Қадиша Әуесқызы!
Сізді өміріңіздің асыл белесі – 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!


Сіз ұстаздық жолда талай шәкіртке тәлім-тәрбие беріп, олардың жүрегіне нұр құйдыңыз. Білім мен тәрбиені ұштастырып, биік асуларға жетелеген еңбегіңіз өлшеусіз.
Сіз көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі жансыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде ауданымыздың қара шаңырақ білім ордасы – Жамбыл атындағы мектеп-лицейін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!





