Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ – 2026

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ – 2026 🇰🇿📚
Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтіп, жаңа оқу жылына жарқын қадам жасалды.
📖 Алғашқы оқу күнінде оқушыларға «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сынып сағаттарында Ата Заңның ел өміріндегі маңызы, азаматтың құқықтары мен міндеттері, адалдық, білім, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа жетістіктердің бастауы!
Барша ұстаздар мен шәкірттерге шығармашылық табыс, толағай жетістік тілейміз! 🌟
Адал азамат. Зерделі ұлт. Жауапты қоғам. Жарқын Қазақстан! 🇰🇿