«Эмоцияларды басқару: күйзеліс пен мазасыздықты жеңілдетудің қарапайым тәсілдері»тақырыбында онлайн түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Ата-аналардың балалардың психологиялық саулығына жауапкершілігін арттыру, күйзеліс пен мазасыздық белгілерін дер кезінде байқауға бағыт-бағдар беру, баламен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндіру және эмоционалдық қолдау көрсету жолдарымен таныстыру.
Онлайн түсіндіру жұмысы өз мақсатына жетті. Ата-аналарға тақырып бойынша қажетті ақпарат беріліп, балалардың психологиялық денсаулығын сақтау мен нығайтудағы отбасының рөлі түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес дайындалған жадынама ата-аналар чатына жіберіліп, танысуға ұсынылды





