Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

30 жылдық бітіруші түлектердің өмірден озған сыныптастарының құрметіне шағын футболдан жарыс өткізді

30 жылдық бітіруші түлектердің өмірден озған сыныптастарының құрметіне шағын футболдан жарыс өткізді
Жыл сайын оқу жылы аяқталған тұста мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл толған түлектер туған жеріне, алтын ұя мектебіне ерекше ықыластарын білдіріп жатады. Түлектердің кіндік қаны тамған ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы тамаша дәстүрге айналды.
Сөз басын ауданымыздағы қасиетті білім ошағы – тоқсан жылдан аса тарихы бар Жамбыл атындағы мектеп-лицей түлектерінің тартуынан бастаған жөн болар. Айта кетейік, тарихы терең, тамыры ерен білім ұясы былтырғы жыл аудан мектептері арасында «Үздік ауыл мектебі» атанған.30 жылдық мектеп бітіруші түлектер өмірден озған достарының құрметіне құран бағыштап,спорттық жарыстар ұйымдастырды. Аталған жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және түлектерге құрмет көрсету. Жарысқа ауыл жастары мен мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.Жеңімпаз командаларға қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды.