Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу

”Жамбыл атындағы мектеп-лицейі” КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
📌Атап айтқанда, сынып жетекшілері тарапынан оқушылармен және ата-аналармен WhatsApp чаттары арқылы онлайн түсіндірме әңгімелер ұйымдастырылып, келесі бағыттар бойынша ақпараттық жұмыстар өткізілді:
• жол қозғалысы қауіпсіздігі;
• судағы қауіпсіздік ережелері;
• өрт қауіпсіздігі;
• интернет және ақпараттық қауіпсіздік;
• тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері.
📌Түсіндіру жұмыстары барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде ескертулер берілді.
📌Ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауда ұстау, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.