«ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!» 

2026 жылдың 17 маусымында «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» КММ-де бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанатты кеші өтті.Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы мен мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызының шәкірттерге арнаған ізгі тілектері әсерлі болды.
1. Бердібаева Елдана
2.Бердіқұл Асылжан
3.Қосмаханбет Аруна
Қызыл аттестат иегерлері:
1.Дүйсенбай Айым
2.Жалғасбаева Інжу
3.Жұмабай Інжу
Сіздердің табандылықтарыңыз, білімге деген құштарлықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз үлкен жетістіктің жарқын көрінісі болды. Бұл – ұстаздар мен ата-аналардың сенімі мен қолдауының жемісі.
Құрметті түлектер!
Бүгін сіздер мектеп атты алтын ұядан түлеп ұшып, жаңа өмір жолына қадам басып отырсыздар. Армандарыңызға жетуден ешқашан тайынбаңыздар, биік мақсаттар қойып, сол жолда аянбай еңбек етіңіздер. Әрдайым ел сенімін ақтайтын, білімді де парасатты азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
Мектептен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдарыңыз сәтті болғай! 





