Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

«Көңілді старт» эстафеталық жарысы

«Көңілді старт» эстафеталық жарысы
Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдыққа баулу мақсатында «Көңілді старт» атты эстафеталық жарыс өткізілді.
Жарыс барысында лагерь тәрбиеленушілері бірнеше кезеңнен тұратын қызықты сайыстарға қатысып, жылдамдықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Балалар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау білдіре отырып, жарысты көтеріңкі көңіл-күймен өткізді.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, белсенді оқушылар мадақталды. Эстафеталық жарыс оқушылардың денсаулығын нығайтып, достық пен ынтымақтастықты арттыруға, бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал етті.