Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ...

⚜️⚜️ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ...

🔸️🔹️Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні 1–11-сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабақтары өткізілді.

🔸️🔹️Тақырыбы: “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері”

🔸️🔹️Мақсаты: оқушыларға жазғы демалыс кезінде кездесетін түрлі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру, олардың өмір қауіпсіздігін сақтауға баулу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

🔸️🔹️Іс-шара барысында оқушыларға:

🔹 судағы қауіпсіздік;

🔹 жол қозғалысы ережелері;

🔹 күннің ыстығынан, өрттен және электр құралдарынан сақтану жолдары;

🔹табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

✅️ Сынып жетекшілері жазғы демалыстың балалар үшін ең қуанышты әрі асыға күтетін кезең екенін атап өтіп, осы уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екенін ескертті.

☀️ ЖАЗҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:

🌊 Суда:

* Тек құтқарушылары бар арнайы жағажайларда шомылу;

* Үлкендердің қарауынсыз суға түспеу;

* Терең су мен қатты ағысқа жақындамау.

🌞 Күн астында:

  • Сағат 11:00–17:00 аралығында күн астында ұзақ жүрмеу;

* Міндетті түрде бас киім кию;

* Көбірек таза су ішу.

🚦 Жолда:

* Велосипед немесе самокатпен жолдан өтпеу;

* Жолды тек жаяу жүріп өту;

* Жолда құлаққап тақпау және телефонға алаңдамау.

🏠 Үйде:

* Терезе торына сүйенбеу;

* Терезеге арнайы қауіпсіздік құлпын орнату;

* Электр құралдарын үлкендердің бақылауынсыз қолданбау.

🌿 Табиғат аясында:

* Белгісіз жидектер мен өсімдіктерді жемеу;

* Кенеден сақтану;

* Орманда от жаққан жағдайда толық сөндіріп кету.

✨️ Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір ата-ана мен ұстаз балаға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, олардың амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет.

#Адал_азамат

#Біртұтас_тәрбие

#ЖаздағыЖекеҚауіпсіздік

#Қауіпсіздік

#ЖазғыДемалыс

#СуҚауіпсіздігі

#БалаларҚауіпсіздігі

https://www.facebook.com/share/p/1MERYYG5eV/