ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ![]()
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған Жамбыл атындағы мектеп-лицейіндегі Оқушыларымыз бен олардың Жетекші Ұстаздарын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!![]()
![]()
![]()
![]()
Жүлделі орын алған оқушылар мен олардың жетекшілері:
1-орын
Тарих пәні
9-сынып оқушысы Тайыр Кәусар Мұхитқызы
Пән мұғалімі: Тулбасиева Асия Жанабиловна
1-орын
Физика пәні
10-сынып оқушысы Төрәділ Малика Әскерқызы
Пән мұғалімі: Базарбаева Куласел Кулмахамбетовна
1-орын
Информатика пәні
10-сынып оқушысы Әуелбек Арсен Өркенұлы
Пән мұғалімі: Мейрманқұлова Манат Бердіқұлқызы
1-орын
Математика пәні
10-сынып оқушысы Бердібаев Елнұр Дәрібайұлы
Пән мұғалімі: Сапарбаева Ақманат Нұралықызы
2-орын
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
10-сынып оқушысы Дүйсенбай Гүлсезім
Пән мұғалімі: Қожахметова Салтанат Есенкелдіқызы
2-орын
Тарих пәні
10-сынып оқушысы Ғалымқызы Айша
Пән мұғалімі: Сейдімхан Айжан
2-орын
Биология пәні
10-сынып оқушысы Омарханқызы Әйгерім
Пән мұғалімі: Тастанбек Бақсауин Іңкәрбекұлы
2-орын
Биология пәні
9-сынып оқушысы Абдуқадыр Аяулым
Пән мұғалімі: Дәулетбай Ақмарал Серікқызы
2-орын
Математика пәні
9-сынып оқушысы Дәрібаев Нұрболат Қуанышұлы
Пән мұғалімі: Шоқаева Камшат Меделханқызы
2-орын
Орыс тілі мен әдебиеті пәні
9-сынып оқушысы Нұрланқызы Кәусар
Пән мұғалімі: Ембергенова Айнұр Қалдыбайқызы
2-орын
Орыс тілі мен әдебиеті пәні
11-сынып оқушысы Бахытбекқызы Елназ
Пән мұғалімі: Бимбетова Тоғжан Рысқұлқызы
2-орын
География пәні
11-сынып оқушысы Құдайберген Мәди Мақсұтұлы
Пән мұғалімі: Қырықбаева Назира Уалиханқызы
2-орын
География пәні
10-сынып оқушысы Төрегелді Нұрай
Пән мұғалімі: Қырықбаева Назира Уалиханқызы
2-орын
Физика пәні
11-сынып оқушысы Асқар Арулан Еркеғалиқызы
Пән мұғалімі: Қанаева Жанэра Асылбекқызы
2-орын
Ағылшын тілі пәні
9-сынып оқушысы Пернебайқызы Жанель
Пән мұғалімі: Нұрыш Балнұр Қанатқызы
2-орын
Ағылшын тілі пәні
10-сынып оқушысы Қожақмедияр Инабат Нұрланқызы
Пән мұғалімі: Рысбай Арайлым Әділқызы
2-орын
Информатика пәні
9-сынып оқушысы Нұрлыбай Еңлік
Пән мұғалімі: Мұсабекова Гаухар Инаятқызы
2-орын
Информатика пәні
11-сынып оқушысы Кеңес Ернұр Мақсатұлы
Пән мұғалімі: Төлегенова Перизат Дүйсенбайқызы
3-орын
Тарих пәні
11-сынып оқушысы Қалдан Нұрасыл Ержанұлы
Пән мұғалімі: Иса Қалима Әбжаппарқызы
3-орын
Физика пәні
9-сынып оқушысы Самат Мадина
Пән мұғалімі: Базарбаева Куласел Кулмахамбетовна
3-орын
Химия пәні
9-сынып оқушысы Жұмагелдиев Ислам Рақымжанұлы
Пән мұғалімі: Сейтман Меруерт Болысбекқызы
3-орын
Ағылшын тілі пәні
11-сынып оқушысы Жұмабай Інжу
Пән мұғалімі: Бейсен Әсел Мұратқызы
3-орын
Биология пәні
11-сынып оқушысы Сейдімұрат Нұрислам Құлахметұлы
Пән мұғалімі: Дәулетбай Ақмарал Серікқызы
3-орын
Орыс тілі мен әдебиеті пәні
10-сынып оқушысы Қайрат Талшын
Пән мұғалімі: Нұрбекова Гүлжаухар Егембердіқызы
3-орын
Құқық пәні
11-сынып оқушысы Рәтберді Гүлсезім
Пән мұғалімі: Төлегенова Жанна Жақсылыққызы
Олимпиада барысында дарынды шәкірттеріміз тек бәсекеге түскен жоқ,жаңа тәжірибе жинады, өз қабілеттерін сынап көрді, жаңа мақсаттар қойды. Әрқайсысы өз пәніне деген шынайы
қызығушылығын паш етіп, мектеп-лицейіміздің атын абыроймен көрсетті. Мектеп-лицейіміздің жоғары жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосқан директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары Нұрбекова Кенжеайым Бұралқықызының орасан зор еңбегін атап өткіміз келеді. Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен
құттықтаймыз!
Оларға бағыт-бағдар берген ұстаздарына және Кенжеайым Бұралқықызына алғыс айтамыз! Оқушылардың алдағы жарыстарда да батыл қадам жасап, өз мүмкіндіктерін одан әрі ашып, жаңа белестерге жете беруіне тілектеспіз!![]()
Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Отырар аудандық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 25.11.2025 ж. №4-21-4/7969-ИІ хатына орай,9-10 сыныптардың оқушыларына, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, деректі фильм мен бейне көрсетілім көрсетілді.
Бейне көрсетілімде жастар арасындағы әлеуметтік проблемалардың алдын алуға бағытталған.
Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкагольді ішімдіктерді тұтынудың зиянын түсіндіру, лудоманияға тәуелділікпен күрес, буллинг, кибербуллингтің алдын алу ,
Заңсыз қаржылық әрекеттерге (дропперлік) әрекеттерге қарсы күрес баяндалған.
Оқушылар арасында жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жаупкершілік мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар! Алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп аумағында ата-аналар мен оқушылар тарапынан ақша жинау, түрлі қойылымдар мен іс-шараларға қаржы бөлу, сыйлық беру немесе заңсыз сыйлық алу әрекеттеріне қатаң тыйым салынатынын және мұндай жағдайлардың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз.
Құрметті ата-аналар!
Ұстаздар үшін ең үлкен әрі бағалы сый — шәкірттерінің аман-саулығы, сапалы білім алуы, сондай-ақ сіздермен арадағы өзара сенім мен сыйластық. Мұғалімдерге көрсетілетін ең үлкен құрмет — жылы лебіздеріңіз бен ізгі тілектеріңіз.
Мектептің басты мақсаты — әрбір оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ұстаз бен ата-ана бірлесе әрекет етіп, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, тәрбиелі, білімді азамат етіп тәрбиелейік.
Егер заң бұзушылыққа алып келетін кез келген жағдайлар орын алса, мектеп әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймын.
Құрметпен -Жамбыл атындағы мектеп-лицейі директоры
Қылышбаева Қадиша Әуесқызы
Құрметті ата-аналар,оқушылар және ұстаздар қауымы, Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
16 желтоқсан – азаттық таңы атып, ата-бабамыз аңсаған асқақ арманның орындалған Ұлы күні! Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды ұлықтап, білім мен тәрбиенің нәрін сеуіп, адамдықтың диқаншысы атанып, рухы биік, намысы берік ұрпақ тәрбиелеуде Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз! Осындай маңызы бар тарихи мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз.
Мереке қарсаңында Сіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан,шәкірттеріміздің күміс күлкісін тілеймін, барлық бастама - талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
Құрметпен
Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры- Қылышбаева Қадиша Әуесқызы
«Елімнің бакытын тербеткен Тәуелсіздік!»
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде “16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне” орай 3 "А" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Жүсіпбай Бағила Кетпенбайқызының ұйымдастыруымен «Елімнің бакытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық тәрбие сағатын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздік тарихы, оның маңызы мен құндылықтарын түсіндіру, бейбітшілік пен татулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезеңдермен танысып, бейбітшілік, бірлік және тұрақтылықтың ел дамуы үшін басты құндылық екенін ұғынды.
Топтық жұмыстар, бейнероликтер және сұхбаттық бөлімдер арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, Отанына деген мақтаныш сезімін білдірді.
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Бейбіт ел – жарқын болашақ» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз, ал бейбітшілік – оның ең басты тірегі.
Бүгінгі ұрпақ – еңселі елдің жарқын болашағы!
#QR_Oqu_agartu_ministrligi_Министерство_просвещание_РК
Тәуелсіздік-ұрпаққа қалдырған ұлы аманат!![]()
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 11.12.2025 жылы 3 "Б" сыныпта Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларымыз Отан, ерлік, бірлік туралы әңгімелеп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсінді. Ән айтып, өлең оқып, өз ойларымен бөлісіп, елімізге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Осындай мағыналы шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі Налибаева Айсұлу Бердібекқызына үлкен алғыс! Балалардың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп келе жатқан еңбегіңіз жемісті болсын!
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ! ![]()
![]()
«Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты тағылымды тәрбие сағаты
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 2 "А" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Якубова Дәнегүл Көшербайқызының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты мазмұнды тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, елдік пен бірлік туралы ой қозғап, жүрек тебірентер өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар ұлттық рухты көтеретін би қойылымдары мен мазмұнды сұрақ-жауаптар шараның мәнін арттыра түсті.
Бұл тәрбие сағаты балалардың отанға деген сүйіспеншілігін нығайтып, тәуелсіздіктің бағасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.
Тәуелсіздік – бабалар аманаты, бізге жүктелген қасиетті жауапкершілік!
Ұланымыз ұлы елдің!![]()
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Тәуелсіздік мерекесіне орай 15.12.2025ж күні Жас қыран, Жас ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Мақсаты: оқушылардың Отанға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сондай-ақ жас ұрпақты еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, еңбекқор, қайсар етіп тәрбиелейтін тұлға қалыптастыру.Шара барысында Жас қыран, Жас ұланға өткен оқушылар ант қабылдады.
Жас ұлан ұйымына кірген оқушыларға өз анттарына берік болып, озық білім мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектебінің абыройын асқақтатады, республикалық ұйым туын жоғары ұстайды деп сенім білдіреміз.
«Желтоқсан желі ызғарлы»
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 6 "А" сыныбы мен
6 "Б" сыныптарының сынып жетекшілері Төлегенова Жанна Жақсылыққызы мен Еркінова Кенжегүл Жұмаханқызының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне” орай «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын терең түсіндіру, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігін үлгі ете отырып, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында тақырып пен мақсат таныстырылып, оқушылар жүрекжарды өлең жолдарын оқып, әндер шырқап, көріністер қойды. Сұрақ-жауап арқылы Тәуелсіздік туралы білімдерін ортаға салды.
Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегені, бұл қасиетті ұғымның артында бабаларымыздың қаны мен тері жатқандығы туралы терең мазмұнды әңгімелер өрбіді.
Іс-шара өте әсерлі өтті. Балалар өз елін құрметтеуге, өткенді бағалауға, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиеленді.