Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

📌 Құрметті ата-аналар! Алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп аумағында ата-аналар мен оқушылар тарапынан ақша жинау, түрлі қойылымдар мен іс-шараларға қаржы бөлу, сыйлық беру немесе заңсыз сыйлық алу әрекеттеріне қатаң тыйым салынатынын және мұндай жағдайлардың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз.

🖍️ Құрметті ата-аналар!

Ұстаздар үшін ең үлкен әрі бағалы сый — шәкірттерінің аман-саулығы, сапалы білім алуы, сондай-ақ сіздермен арадағы өзара сенім мен сыйластық. Мұғалімдерге көрсетілетін ең үлкен құрмет — жылы лебіздеріңіз бен ізгі тілектеріңіз.

🌟 Мектептің басты мақсаты — әрбір оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ұстаз бен ата-ана бірлесе әрекет етіп, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, тәрбиелі, білімді азамат етіп тәрбиелейік.

🚨 Егер заң бұзушылыққа алып келетін кез келген жағдайлар орын алса, мектеп әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймын.

Құрметпен -Жамбыл атындағы мектеп-лицейі директоры

Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/p/1GbKDjCxGC/