"Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі " 
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2026-2027 оқу жылында Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға қонақтар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушыларды алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндермен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы ата-аналар мен жас бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәтті қадам тіледі.Сондай-ақ ардагер ұстаз Айдаршаева Роза апай құттықтау сөз сөйлеп, білім мен тәрбиенің қоғамдағы маңызын атап өтті. Ол балаларға жарқын болашақ пен жоғары жетістіктер тіледі.
Мерекелік жиын барысында ата-аналар атынан Қоғамдық кеңес төрағасы Нысанбеков Білім ағай сөз алып, жүрекжарды тілегін арнап, ұстаздарға ризашылығын білдірді.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақыпбекова Злиха Әсенқызы жас бүлдіршіндерге сәтті қадам тілеп,білімді ұстаздарымызды аудандық,облыстық,республикалық Алғыс хаттармен марапаттады.
Көптен күткен алғашқы қоңырау үні 1-сынып бүлдіршіндері үшін ерекше әсерлі сәтке айналды.
Жамбыл атындағы мектеп-лицейі – білімнің шамшырағы, мейірім мен парасаттылықтың ордасы.
Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын!





