Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ- БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСТЫ НАЗАР!!

«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ- БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСТЫ НАЗАР!! 🌿
✅️Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026-2028 жылдарға арналған “ Саламатты мектеп” жобасы аясында оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады.
💚 Жобаның басты мақсаты – оқушылардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық мәдениетін дамыту.
✅️Жобаның негізгі бағыттары:
🏃‍♀️ Дене белсенділігі және салауатты өмір салты;
🥗 Дұрыс тамақтану;
🧠 Психологиялық қолдау және эмоционалдық тұрақтылық;
🛡️ Қауіпсіз әрі қамқор мектеп ортасы;
📚 Білім мен тұлғалық даму;
🤝 Ата-ана, ұстаз және оқушы ынтымақтастығы;
🌱 Қоршаған ортаға жауапкершілік.
💫 Саламатты бала – саламатты ұрпақ – саламатты ел болашағы!
✅️Біз бірге денсаулықты бағалайтын, қауіпсіздікті сақтайтын, бір-біріне қамқор болатын және белсенді өмір салтын ұстанатын мектеп-лицей ортасын қалыптастырамыз! 💚
💪💪 Біз біргеміз!
💕💕️Біз саламатты өмірді таңдаймыз!