Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек? Министрлік түсіндірді
Жаңа оқу жылы қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп сөмкесін таңдауда маңызды талаптарды еске салды.
Негізгі ереже - оқулықтар мен оқу құралдары салынғансөмкенің жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы керек. Мысалы, салмағы 30 кг оқушының рюкзагы 3 кг-нан ауыр болмағаны жөн.
1–3 сынып – 2 кг дейін;
4–5 сынып – 2,5 кг дейін;
6–7 сынып – 3,5 кг дейін;
8–11 сынып – 4,5 кг дейін.
Мамандар мектеп сөмкесін баламен бірге таңдауға кеңес береді. Сатып алмас бұрын оны баланың арқасына салып көріп, бойына сай әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізген жөн.
Жарық шағылыстыратын элементтері болғаны маңызды. Сондай-ақ берік әрі су өткізбейтін материалдан жасалғаны жөн





