«Желтоқсан желі ызғарлы»
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 6 "А" сыныбы мен
6 "Б" сыныптарының сынып жетекшілері Төлегенова Жанна Жақсылыққызы мен Еркінова Кенжегүл Жұмаханқызының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне” орай «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын терең түсіндіру, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігін үлгі ете отырып, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында тақырып пен мақсат таныстырылып, оқушылар жүрекжарды өлең жолдарын оқып, әндер шырқап, көріністер қойды. Сұрақ-жауап арқылы Тәуелсіздік туралы білімдерін ортаға салды.
Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегені, бұл қасиетті ұғымның артында бабаларымыздың қаны мен тері жатқандығы туралы терең мазмұнды әңгімелер өрбіді.
Іс-шара өте әсерлі өтті. Балалар өз елін құрметтеуге, өткенді бағалауға, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиеленді.





