Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Ұланымыз ұлы елдің!

🇰🇿Ұланымыз ұлы елдің!🇰🇿

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Тәуелсіздік мерекесіне орай 15.12.2025ж күні Жас қыран, Жас ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Мақсаты: оқушылардың Отанға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сондай-ақ жас ұрпақты еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, еңбекқор, қайсар етіп тәрбиелейтін тұлға қалыптастыру.Шара барысында Жас қыран, Жас ұланға өткен оқушылар ант қабылдады.

Жас ұлан ұйымына кірген оқушыларға өз анттарына берік болып, озық білім мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектебінің абыройын асқақтатады, республикалық ұйым туын жоғары ұстайды деп сенім білдіреміз.

#Адал_азамат

#Біртұтас_тәрбие

https://www.facebook.com/share/v/1SMHEydRdg/