Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

📌 ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 11.12.2025 жылы ЖРВИ тұмау және COVID-19 алдын алу бойынша білім алушылармен жауапты мұғалімдер диктант жұмысын алды. Мектеп медбикесі Зубайханова Балнұр тұмаудың белгілері және сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.

ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ұйқы мен тамақтану сапасын бақылау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

https://www.facebook.com/share/p/1HyV89LB9r/