Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

«Жігерлі жас – ел тірегі»

🏅 «Жігерлі жас – ел тірегі» 🏅

Мектебімізде "Барыс"бірлестігінің жетекшісі Ғ.Әлішовтың ұйымдастыруымен оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жігерлі жас – ел тірегі» тақырыбында «Толағай» спорттық сайысы өткізілді.

Сайыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын, күш-жігері мен тапқырлықтарын көрсетіп, өзара тартысты әрі қызықты кезеңдерде белсенділік танытты. Әр команда жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осындай спорттық шаралар жас ұрпақты батылдыққа, төзімділікке, бірлік пен ынтымаққа баулып, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады.

👏 Жарысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!

🏆 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

https://www.facebook.com/share/p/1BK9Y17NG6/