Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Желтоқсан желі ызғарлы

🇰🇿 «Желтоқсан желі ызғарлы»

🗓 Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 6 "А" сыныбы мен

6 "Б" сыныптарының сынып жетекшілері Төлегенова Жанна Жақсылыққызы мен Еркінова Кенжегүл Жұмаханқызының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне” орай «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

🔹 Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын терең түсіндіру, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігін үлгі ете отырып, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.

📌 Тәрбие сағаты барысында тақырып пен мақсат таныстырылып, оқушылар жүрекжарды өлең жолдарын оқып, әндер шырқап, көріністер қойды. Сұрақ-жауап арқылы Тәуелсіздік туралы білімдерін ортаға салды.

Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегені, бұл қасиетті ұғымның артында бабаларымыздың қаны мен тері жатқандығы туралы терең мазмұнды әңгімелер өрбіді.

✨ Іс-шара өте әсерлі өтті. Балалар өз елін құрметтеуге, өткенді бағалауға, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиеленді.

#Адал_азамат

#адалазаматбіртұтастәрбие

#тәуелсіздіккүні

https://www.facebook.com/share/r/14SMyUU4oN8/