Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» және «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

🔘«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» және «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

♦️Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» және «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында кездесу өткізілді.

♦️Мақсаты:Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

♦️Әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.

Отырар АПБ-нің ЮПТ -ның инспектор полиция капитаны Б.Қапалбайұлы мен Отбасылық Зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Жақсылық Ақнұр Амантайқызы ата-аналар мен оқушыларға тұрмыстық зорлық зомбылық салдары жайлы видеокөсетіліммен түсіндірді.Ата-аналарға мереке күндері және көктемгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды қатаң түрде ескертті.

#зорлық_зомбылыққа_жол_жоқ

#Біртұтас_тәрбие

https://www.facebook.com/share/p/1UT2yEmrm5/