ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДАҒЫ КІТАП ТАЛҚЫЛАУ
Мектебіміздің жас мамандары арасында Күләш Шамшидинованың «Үздік» кітабы бойынша мазмұнды талқылау ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар кітапта көтерілген өзекті мәселелерді талдап, балаға мектепте де, өмірде де дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Жас ұстаздар өз тәжірибелерімен ұштастыра отырып, кітаптан алған әсерлері мен пайдалы тұстарын ортаға салды.
Аталған шара жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, олардың педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті.





