"ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде аудан мектептері арасында 7-11-сынып оқушыларының қатысуымен "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңінің ашылуы өтті.
Олимпиада мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
- оқушыларды шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада 5-бағыт бойынша өткізілді.
1.«Бейнелеушілер»;
2. «Білгірлер бәйгесі»;
3. «Жас қаламгер»;
4. «Сөз шеберлері»;
5. "Әнші-бұлбұлдар".