Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде күзгі әскерге шақыру науқанының медиа жоспарын жүзеге асыру мақсатында 10-11 сынып оқушыларына кездесу өткізілді

♦️Бүгін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде күзгі әскерге шақыру науқанының медиа жоспарын жүзеге асыру мақсатында 10-11 сынып оқушыларына кездесу өткізілді. Отырар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Бекмұратов Сұлтан Маратұлы оқушылармен жүздесті. Кездесу барысында әскери қызмет, Отан алдындағы борыш өтеу міндеті туралы айтылды. Оқушыларға нақты мысалдар келтіріп, бейнероликтер көрсетілді.АӘД пәнінің жетекшісі Төлімбетов Шоқан Бақытжанұлының ұйымдастыруымен өткен кездесуде әрбір мамандықтың болашағы мен кәсіби даму жолдарына тереңірек тоқталды. Бұл кездесу жасөспірімдерге әскери қызметтің қыр- сырын түсінуге ,патриоттық сезімдерін оятуға және мамандық таңдауына , сенімділік сыйлауына ықпал етті.

#Жамбылатындағымектеплицейі

https://www.facebook.com/share/v/15DvqhAr7uA/