Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔹️Мектебімізде оқушылардың дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алу қауіптілігін түсіндіру мақсатында «Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹️ Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Қайсар Мырзабай, Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков қатысты.

🔹️Жиында жастардың дұрыс діни дүниетанымын қалыптастыру, қауіпті идеологияларды ажырата білу қабілетін күшейту және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған ақпараттар айтылып, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы түсіндірілді.Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды.

🔹️Баяндама барысында маман өз сөзін бейнероликтер мен слайдтық материалдар арқылы нақты мысалдармен толықтырды. Бейнематериалдарда қоғамға қауіпті діни ағымдардың теріс идеологиялары мен олардың жастар санасына тигізетін кері әсерлері көрсетілді. Сондай-ақ, теолог дұрыс діни бағыт ұстанудың, отансүйгіштік пен рухани тұрақтылықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.

https://www.facebook.com/share/p/1ZtojpqRPA/