Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Зерде” Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі– ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ!

🎉 “Зерде” Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі– ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ! 🎉

Мектептегі ғылыми жоба дегеніміз не? Ғылыми жоба – белгілі бір салада бірегей өнім мен қызметті құруға ба­ғыт­талған ғылыми ізденіс жұмысы. Мектептегі ғылыми жоба – ғылыми жарыс, яғни жобадан әр салаға байланысты тың идеялар күтеді. Жалпы ғылыми жобалар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынта­лан­дыру; сыни ойлауын дамыту және еліміздің интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйым­дас­ты­рылады.Оқу­шы­лардың ғылыми-зерттеу жұ­мыстары білім берудің не­гізгі бөлігі және білім сапасын арт­тырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Зерттеу жұмысын жасау ба­ры­сын­да жобаның тақырыбын оқу­шы өз қызығушылығымен таң­дап, оған алдын ала бол­жам жасай алса және тәжірибе жасап, оның нәтижелерін өң­деп, анализдеп; жоба бары­сын­да жасалған жұмыстарға ба­ға бере алса, оқушының қы­зы­ғушылығынан туындаған қа­ра­пайым жоба – болашағы зор жаңа бір жобаның бастамасы болуы әбден мүмкін!

Мектебіміздің дарынды оқушылары “Зерде” ғылыми жобалар байқауында өз білімдері мен ізденістерінің арқасында жүлделі орындарға ие болды! 🔬📚

🏆 І орын:

1Дербісбек Шапағат– 6-сынып тарих секциясы

(Жетекшісі: А.Сейдімхан)

Жоба тақырыбы: «Көне Отырардың керамика өндірісі»

🥉 ІІ орын иегері:

Қайрат Айя – 7-сынып (Жетекшісі: Г.Садыбаева) қазақ тілі секциясы

«Мәшһүр Жүсіп шығармаларының адам болмысын берудегі ерекшелігі»

🥉 ІІІ орын иегері:

Есенхан Асылайым– 4-сынып (Жетекшісі: Г.Раманқұлова) физика секциясы

«Табиғаттағы су айналымының маңызы»

Мақтау қағазымен:

Нұртас Үмітай – 5-сынып (Жетекшісі: А.Сапакбай)

орыс тілі секциясы

«Герои сказок до сих пор нас учат добру »

Балалардың дарындылығын дамытудағы ғылыми жобаның мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратытылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады.

🎓 Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Ізденістеріңіз толастамасын, биіктерді бағындыра беріңіздер! 💡🌟

Нұрбекова Кенжеайым Бұралқықызы

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары

https://www.facebook.com/share/p/17Vppspf7e/