Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

📚 ҮЗДІКТЕР МАРАПАТЫ- 2025

📚 ҮЗДІКТЕР МАРАПАТЫ- 2025

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 21 мамыр күні 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздік оқушыларын» марапаттауы ұйымдастырылып өткізілді.

📌 Мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы үздік оқыған мектебіміздің 2-10 сыныптар аралығында 148 үздік оқушысын марапаттады.

📌Мерекелік жиын барысында үздіктеріміз арнайы қызыл кілеммен өз жетекшілерімен бірге жүріп өтіп, жиналған көпшілікке мерейлі сәттерін паш етті. Бұл – олардың қажырлы еңбегінің, табандылығы мен таланттарының жарқын көрінісі.

📌 Мектеп өнерпаздарының «Мектебім, Ұстазым» әндерімен мерекелік көғңл-күйге ұласты.

Білімді шәкірттеріміз биік белістерді бағындыра берсін!!!

https://www.facebook.com/share/p/16LSwooCWW/