Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Үздік мұғалім – 2026

📌 «Үздік мұғалім – 2026» мектепішілік байқауы өтті

"Жамбыл атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби шеберлігін айқындау, ғылыми-әдістемелік ізденісін қолдау және ынталандыру мақсатында мектепішілік «Үздік мұғалім – 2026» байқауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:

🔹 І кезең – Өзін-өзі таныстыру.

Қатысушылар «Менің мектебім, менің кәсіби жетістіктерім» тақырыбында электронды видеоролик арқылы өз тәжірибелері мен жетістіктерін таныстырды.

🔹 ІІ кезең – Шығармашылық және әдістемелік жұмыс.

«Менің білім берудегі бастамам», «Менің идеям», «Менің шығармашылық инновациям» тақырыптары аясында мұғалімдер өз пәні бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін, жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін және оның нәтижесін презентация арқылы қорғады.

🔹 ІІІ кезең – Педагогикалық сұрақтар.

Қатысушылар педагогика саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, кәсіби құзыреттілігін көрсетті.

🔹 IV кезең – Қорытынды және марапаттау.

Байқау барысында қазылар алқасы әр кезең бойынша әділ бағалау жүргізді. Нәтижесінде мектепішілік «Үздік мұғалім – 2026» байқауының жеңімпазы болып бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Тажиева Эльвира Маратқызы танылып, аудандық кезеңге жолдама алды.

✨ Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз, ал жеңімпаз әріптесімізге алдағы байқауда сәттілік серік болсын!

Болашақ – осындай ізденістегі, жаңашыл ұстаздардың қолында.

#Үздікмұғалім2026

https://www.facebook.com/share/v/179YFnrogo/