Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиын ұйымдастырылды..
Жиынға Отырар АПБ КПБ-нің бастығы полиция майоры Сейдахан Әлшері Серікұлы "Құқық бұзушылық пен вандализм", Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция лейтенанты Төрехан Әсілханұлы "Зорлық -зомбылық, нашақорлық", мектеп-лицей инспекторы полиция капитаны Динара Ерденова "Келеңсіз оқиғаларда қандай әрекет жасау керек?" тақырыбында бағыт - бағдар беріп, 7–11 сынып оқушыларына құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллинг, нашақорлықтың зияны туралы түсіндірме жасады.
Әсіресе, заң алдында жауапкершіліктің 14 жастан басталатыны атап өтілді.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.