Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Тілдер мерекесі – рухани байлығымыздың бастауы!

🌍✨ Тілдер мерекесі – рухани байлығымыздың бастауы! ✨🌍

✨Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Тілдер мерекесіне орай "Тіл-достықтың кепілі" тақырыбында 5-15 қыркүйек аралығында "Сана","Лингвист","Тілші" бірлестігінің онкүндігі ашылды.

✨Мектеп басшысы Қадиша Әуесқызы Тілдер онкүндігін ашып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, Жаңа оқу жылына сәттіліктер тілеп, жылы лебізін білдірді.

✨ Бұл күннің маңыздылығы ерекше – дәл осы 5 қыркүйек ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келеді.

🖋️ Ахмет атамыз: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтқандай, ана тілімізді құрметтеу – ұлтқа деген сүйіспеншілік пен болашаққа деген сенімнің белгісі.

📚 Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілін дәріптеп, түрлі ұлт өкілдерінің тілінде өнер көрсетіп, достық пен татулықтың жарқын үлгісін паш етті.

🤝 Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің берекесі!

#ТілдерМерекесі

#Жамбылбілімі

#Шәуілдір