Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

"ТЕЛЕФОН-ЖАРЫҚ ҒАЛАМ,БҰЗЫЛМАСЫН САНАҢ..."

"ТЕЛЕФОН-ЖАРЫҚ ҒАЛАМ,БҰЗЫЛМАСЫН САНАҢ..."

Түркістан облысы,Отырар ауданы білім бөлімінің 13.01.2025 жылғы №41-10/20 санды хатына сәйкес, барлық білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 24 қаңтар мен 21 ақпан аралығында мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында қосымшада берілген тақырыптық аясында көріністер көрсетіліп, видеороликтер дайындалып, әлеуметтік желіге жариялануы тиіс болатын. Қазіргі қоғамда оқушылардың арасында көптеген вейб, лудомания, т.б мәселелер туындап жатыр. Сондай жат қылықтардың алдын алу мақсатында бағдарлама ұлттық құндылықтарға бағытталған. Жалпы, былтырғы бағдарламада үш құндылық болса, биыл алты құндылыққа негізделгенін айта кету керек. Мемлекеттік кеңесшімен болған кездесуде бағдарламаның тиімділігі туралы, қалай жүзеге асырылуда, бағдарламаны жүзеге асыру бағытында қандай қиындықтар туындады деген сұрақтар көтерілді. «Біртұтас тәрбие» жүйесін стратегиялық маңызды құжаттардың бірі деп айтуға болады. Себебі, біз осы тәрбие арқылы, тек қана мектеп емес ата-ана, білім ошағы үштік болып, болашақ ұрпақты тәрбиелейміз.

29 қаңтар күні сағ.15.00-де Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде "Телефон-жарық ғалам,бұзылмасын санаң..." тақырыбындағы ой-түрткі алаңына шақырамыз!

https://www.facebook.com/share/p/1AzoWPv4Ks/