Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 🌿

17-18 сәуір күндері Шәуілдір ауылында «Таза аула» акциясы ұйымдастырылып, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.

Аталған акцияның мақсаты – ауыл келбетін көркейту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Іс-шара барысында үйлердің сыртқы көрінісі жаңартылып, аула аумақтары тазартылып, тұрғындардың бірлігі мен белсенділігі айқын көрінуде.

Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі ортақ іске атсалысты. Туған жерімізді бірге көркейтуге барша тұрғындарды шақырамыз!

#ТазаҚазақстан #ТазаАула #Шәуілдір #Тазалық #Бірлік

https://www.facebook.com/share/p/14bz4b2S6tV/