#Отырар_тазалық_пен_тәртіптің_үлгісі_
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 21.02.2025ж «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің қызметкерлері мектеп пен көше бойларын тазалау жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» жобасының мақсаты — еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаға зиян келтіруді азайту. Бұл бастама қоқыс шығару мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім беру және Қазақстан азаматтарының экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.