Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде” 15.03.2025 жылы «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасының аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.
Сенбілік барысында:
— Мектеп ауласындағы жеміс ағаштары бұталды, діңгегі әктелді.
— Жас көшеттердің түбі қобсытылды.
—Мектеп аласында орналасқан гүлзарлар аударылды.
— Арық-атыздар тырмаланып қоқыстар шығарылды.
—Мектеп ауласындағы әктеу, сыпыру жұмыстары жүргізілді
Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз!
⚘️Тазалық – Біз бен Сізден басталады!