Таңғы жаттығу – сергек күннің кепілі!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 3-05-4/5704-И-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу енгізілді.
Осыған байланысты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (әр сейсенбі сайын) сабақ басталар алдында 3 минуттық дене шынықтыру жаттығуы ұйымдастырылды..
Жаттығу келесі бейнематериалдар арқылы өткізілді:
- 1–4 сыныптар (https://disk.yandex.kz/i/FhUOk3a0K5qu9A);
- 5–9 сыныптар (https://disk.yandex.kz/i/5G0E3-6UOeOC3g);
- 10–11 сыныптар (https://disk.yandex.kz/i/0oeRzrZv0eBsvw).
Музыкалық сүйемелдеу:
- 1–4 сыныптар (https://disk.yandex.kz/d/kjorOldRadLRRg);
- 5–9 сыныптар (https://disk.yandex.kz/d/9uFWbSBBL4sXRw);
- 10–11 сыныптар (https://youtu.be/T1foUHPRObQ?si=VxrK6x59UPUolslr).
Таңғы жаттығу – оқушылардың күнді сергек, белсенді түрде бастауына бағытталған дене шынықтыру шарасы.
Дене қозғалысы арқылы балалардың көңіл-күйі көтеріледі, зейіні артады, алдағы күнге деген құлшынысы оянады.
Сергіп, ширақ қимылдаған әрбір қадам – денсаулыққа жасалған үлкен қадам!