Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Тәуелсіз елдің - ұланымыз

«Тәуелсіз елдің - ұланымыз»

«Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімі Баймұрат Бақыткүл Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің - ұланымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәуелсіздік тұғырын ұлықтауға бағытталған тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел тарихына деген құрметті арттыру, мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды кезеңдермен тереңірек таныстыру болды.

Бақыткүл Дүйсенбайқызы оқушыларды мерекенің мәні мен маңызына тоқтата отырып, қазақ халқының ғасырлар бойғы азаттыққа деген ұмтылысын, желтоқсан қаһармандарының ерлігін, егемендіктің қадір-қасиетін түсіндіретін мазмұнды әңгіме жүргізді.

Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқады. Балаларымыздың ел тарихына деген қызығушылығы мен жауапкершілік сезімі артып, өз Отанын сүюдің мәнін терең түсінгені байқалды. Бұл тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарайтын патриот тұлға қалыптастырудағы маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды,тәрбие сағаты мазмұнының байлығы, ұйымдастырылу деңгейі және оқушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді.

#QR_Oqu_agartu_ministrligi_Министерство_просвещание_РК

#Түркістан_облысының_Білім_Басқармасы

#Отырар_Ішкі_Саясат_Бөлімі

#Әдістемелік_Кабинет

#Отырар_Ауданы_Білім_Бөлімі

#Жамбыл_АтындағыМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/p/17pKoVsPcK/