Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ

Сейсмикалық жаттығу — қауіпсіздік кепілі! 🏫

2025 жылы 26 қыркүйек күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет ережелерін үйрету мақсатында АӘД жетекшісі Ш.Төлімбетов сейсмикалық оқу-жаттығуды өткізді. 🧯🛑

🔔 Дабыл белгісі берілгеннен кейін, оқушылар мен мұғалімдер эвакуациялау жоспарына сәйкес мектеп ғимаратынан ұйымдасқан түрде сыртқа шықты.

✅ Жаттығу барысында оқушылар:

  • Қауіпсіз аймаққа тез жетуді,
  • Сапқа тұру ережесін,
  • Өзара көмек көрсетуді,
  • Сабыр мен тәртіптілікті сақтауды үйренді.

🔍 Іс-шараның мақсаты — төтенше жағдай кезінде оқушылар мен қызметкерлердің дұрыс әрекет ету дағдысын қалыптастыру, өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға баулу.

🙌 Барлық қатысушылар жаттығуға белсенді қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қауіпсіздік — әрқашан бірінші орында!

#Сейсмикалықжаттығу #Тж #жерсілкіну #қауіпсіз_мектеп #жаттығу #ОқуЖаттығу #МектепӨмірі

https://www.facebook.com/share/p/14RhbQXcE72/