ТҰСАУ КЕСЕР САЛТ - ДӘСТҮРІ
"Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" бесікке салу,тұсаукесер т.б. салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Кәсіби бағдар беруші М.Көлегенова, «Шежіре»ӘБ жетекшісі А.Тулбасиева, 3 сынып оқушыларының қатысуымен және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тұсаукесер көрінісі қойылды.
Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру.Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп, үнемі сақтауға және жасампаздықпен дамытуға үйрету.
Тұсау кесу дегеніміз бір жасқа толып, еркін жүре бастаған баланың алғашқы қадамы құтты болсын деп, оның болашақта жамандық көрмей, сүрінбей жүруіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.