Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Сыртқы сұлулық пен ішкі мәдениеттің үйлесімі

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Сыртқы сұлулық пен ішкі мәдениеттің үйлесімі» тақырыбында әжелер, аналар және 11 сыныптың қыз балалардың қатысуымен тағылымды дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас қыздардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, заманауи қоғамдағы қыз тәрбиесінің маңызын түсіндіру және сыртқы келбет пен ішкі мәдениеттің өзара сабақтастығын ұғындыру болды.

Кездесу барысында әжелер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, аналар қыз тәрбиесіндегі жауапкершілік жайында ой қозғады. Қыздар өз пікірлерін ашық айтып, тәрбиелік мәні зор сұрақтарға жауап іздеді. Пікір алмасу еркін форматта өтіп, ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылықтарының маңызы кеңінен талқыланды.

Шара соңында қатысушылар сыртқы сұлулықтың уақытша, ал ішкі мәдениет пен адамгершілік қасиеттердің мәңгілік құндылық екеніне тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет екені айтылды.

Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер жас ұрпақтың бойында адалдық, инабаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

🌷 Ұлт болашағы – тәрбиелі де мәдениетті қыздардың қолында!

#АдалҰрпақЖарқынБолашақ

#ҰрпақСабақтастығы

#ҚызТәрбиесі

#РуханиҚұндылықтар

https://www.facebook.com/share/v/14ZMVSQvZTP/