Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Сыртқы сұлулық пен ішкі мәдениет үйлесімділігі

"Сыртқы сұлулық пен ішкі мәдениет үйлесімділігі" 🌸

Жамбыл мектеп-лицейінде 9-сынып қыздары мен олардың аналарының және "Шуақты аналар" ұйымынан Қ.Байжұманова,М.Тұрлыбекова,М.Белгібаева апайларымыздың қатысуымен ерекше мазмұнды, тәрбиелік мәні зор жиын өтті.

Бұл кездесудің басты мақсаты — қыз баланың бойындағы сыртқы көркемдік пен ішкі мәдениеттің үндестігін ұғындыру, ана мен қыз арасындағы рухани байланысты нығайту болды. Ана — өмірдің шырағы, тәрбие бастауы болса, қыз — сол тәрбиенің айнасы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Жиын барысында аналар өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қыздарға жүрекке жетер ақыл-кеңестерін айтты. Қыздар да өз ойларын ортаға салып, нәзіктік пен парасаттылықтың маңызын терең түсіне түсті.

✨ Сұлулық — тек сырт келбет емес, ол — жүректің тазалығы, мінездің көркемдігі, тәрбиенің тереңдігі.

Осындай тағылымы мол кездесулер ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алып, ана мен қыз арасындағы байланысқа жаңа серпін беретіні сөзсіз.

#тәрбие #ана_мен_қыз #сұлулық_пен_мәдениет #жамбылмектеплицей

https://www.facebook.com/share/v/1CuiByHYmN/