"Сыртқы сұлулық пен ішкі мәдениет үйлесімділігі" ![]()
Мектебімізде қыздар мен аналардың қатысуымен ерекше мазмұнды, тәрбиелік мәні зор кездесу өтті.Кездесуге "Шуақты аналар" ұйымынан Қ.Байжұманова,М.Тұрлыбекова апайларымыз келіп қатысты. Бұл жиын – тек әдемілік туралы әңгіме емес, нағыз әйел затына тән көркем мінез, әдеп, парасат пен мәдениеттің үйлесімі жайлы терең ой қозғаған тағылымды басқосу болды.
Сыртқы сұлулық – көз тартар көрініс болса, ішкі мәдениет – жүрекке жол табар қасиет. Қыз баланың ибалығы, сөз саптауы, киіну мәдениеті, өзін-өзі ұстауы – барлығы да тәрбиенің айнасы екені айтылды. Ана мен қыз арасындағы рухани байланыс, өнегелі тәрбие, отбасылық құндылықтар кеңінен сөз болды.
Кеш барысында қыздар өз ойларын ортаға салып, аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір айтылған ақыл мен жылы сөз жас буынның бойына сенім, нәзіктік пен парасаттылық ұялатты.
Осындай тағылымды кездесулер – болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Ана мен қыз арасындағы сыйластық – қоғамның көркі.
Сұлулық – тек келбетте емес, жүректе!





