Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс
⚜️ ҰСТАЗДЫҚ —ҰЛЫҚ ЕМЕС,  ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ⚜️

⚜️ ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ⚜️

⚜️ ҰСТАЗДЫҚ —ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ⚜️

📚 Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы. Ол – тек білім беруші ғана емес, елдің ертеңін тәрбиелейтін, жүрегі мейірім мен жауапкершілікке толы жан.

Осындай аяулы тұлғалардың бірі – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне бар күш-жігерін арнаған сызу-бейнелеу пәнінің мұғалімі Айтпен Алтынкүл Айдарқұлқызы.

📘 Алтынкүл апай 35 жыл бойы мыңдаған шәкірттің жүрегіне білімнің алғашқы дәнін егіп, адамгершілік пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті. Әр сабағын ерекше дайындықпен өткізіп, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты. Өз ісіне адалдығы мен қарапайымдылығы оны әріптестер арасында абыройлы, шәкірт алдында беделді етті.

✅ Ұстаздық жолында ол әлеуметтік педагог саласына да көп еңбек сіңірді. Ата-аналар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсетіп, балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар жүргізді.

Бұл мамандық қоғам үшін өте маңызды, өйткені ол балаларға өмірде өз орнын, өз жолын табуға, толыққанды азамат болуға көмектеседі. Көптеген мәселелі, қараусыз, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар ата-аналарынан қажетті тәрбие алмайды. Әлеуметтік педагог бұл олқылықтың орнын толтыруға және баланың қоғамға қарсы және заңсыз іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында қызмет атқарады. Ол өз қамқорлығындағы адамдардың мәселелерін, қажеттіліктерін, жеке басы мен мінезінің ерекшеліктерін, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және барлық деректер негізінде балаға өз құқықтарын іске асыруға, оның міндеттерін меңгеруге көмектесе отырып, әлеуметтік көмекті жүзеге асырады. Әлеуметтік педагог балалармен дәстүрлі тәсіл мүмкін емес немесе тиімсіз болған жағдайда жұмыс жасайды . Ол жеке тәрбие жұмысын жүргізеді, балалардың отбасыларына барады, ата-аналармен немесе олардың заңды өкілдерімен түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізеді, балалардың сабаққа келуін бақылайды, үйірмелер мен қызығушылықтарын таңдауға көмектеседі. Әлеуметтік педагог әрдайым және барлық жерде мемлекеттік мекемелерде, әртүрлі комиссияларда, әкімшілік органдарда баланың мүдделерін қорғайды.

✨ Айтпен Алтынкүл Айдарқұлқызы – еңбек адамының жарқын бейнесі. Оның әрбір жетістігі, әр шәкірті – маңдай тер мен ыждаһаттылықтың жемісі. Мұндай жандар – қоғамның тірегі, келешек ұрпаққа үлгі.

📚Сізге, мерейлі мерекеңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз!

#Адал_Азамат

#Жамбылатындағымектеп_лицей

#Даналықұстаздан

#Ұстаздармерекесі

https://www.facebook.com/share/p/1B5PXK1Ndj/