ҰСТАЗДЫҚ -ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
мерекелік айдары
Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлғалардың бірі. Ол – білім беріп қана қоймай, тәрбие беруші, бағыт көрсетуші, жанашыр жан. Ұстаздың әр сөзі, әр ісі – шәкіртке үлгі.
Ол тек оқытушы ғана емес, болашақты қалыптастыратын тұлға.
Мейірімі мен сабыры, даналығы мен талапшылдығы – ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.
Мектеп жүрегіне айналған ұстаздардың бірі және бірегейі-мектеп-лицейдің бастауыш сынып пәні мұғалімі Баймұрат Бақыткүл Дүйсенбайқызы. 33 жылдық еңбек өтілінде ұстаздың жеткен жетістіктері аз емес.
2021-2022 жылы удандық,облыстық пәндік олимпиада жүлдегері ;
Аудандық білім бөлімінің "Құрмет грамотасы",2020ж;
Облыстық білім басқармасының "Құрмет грамотасы",2021ж;
Облыстық "Құрмет грамотасы",2025ж;
Сізге, мерейлі төл мерекеңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз!