Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс
«ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»

«ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»

⚜️«ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС,ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ» 📚

мерекелік айдары

📚 «Тіршілік - табиғаттың үні, білім - ұстаздың үні» тәмсіліндей тіршіліктің сан алуан сырын зерттеп, оны шәкіртке жеткізу – тек ұстазға тән ұлы миссия. Мектеп партасында отырған бала табиғатты танып қана қоймай, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Бұл – ұстаздың адал еңбегі мен жүрегінің жылуының нәтижесі.

Осы жолда еңбек етіп жүрген Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Нұрбекова Кенжеайым Бұралқықызы– тіршіліктің таңғажайып сырларын шәкіртке үйретіп, табиғатқа жанашырлық пен ғылымға құштарлықты қатар дарытып жүрген білікті маман.

🌱 Шәкірт жетістіктері – ұстаз еңбегінің жемісі:

♦ Облыстық оқушылардың кіші ғылыми академиясынан өлкетану секциясы бойынша Тастанбек Бекжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған; /2021 жыл/

♦ 7 сынып оқушысы Төрегелді Нұрай ІІІ дәрежелі дипломмен; /2023 жыл/

♦ 7 сынып оқушысы Тайыр Кәусар ІІ дәрежелі дипломмен; /2023 – 2024 оқу жыл/

♦ 8 сынып оқушысы Төрегелді Нұрай ІІ дәрежелі дипломмен; /2024 оқу жыл/

♦ 9 сынып оқушысы Төрегелді Нұрай ІІ дәрежелі дипломмен; /2024-2025 оқу жылы/

♦ Өлкетану секциясы бойынша 8,9,10 – сыныптар арасында ғылыми жоба байқауында 9- сынып оқушысы Төрегелді Нұрай І орын / 2024 -2025 оқу жылы/

🌿 Ұстаздың кәсіби ізденісі мен еңбегі:

♦ Облыстық әдістмелік орталық бекіткен «География пәнінде жобалау әдісі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамыту» тақырыбында әдістемелік нұсқаулық /2022 жыл/

♦ Аудандық білім бөлімі бекіткен «Функционалдық сауаттылықты дамыту - білім берудің негізгі бағыты» оқу – әдістемелік жинақ /2022 жыл/

♦ Аудандық білім бөлімі бекіткен «Функционалдық сауаттылықты дамыту - білім берудің негізгі бағыты» оқу – әдістемелік жинақ /2022 жыл/

«Жарқын болашаққа жол ашқан жетістік»

♦ Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының Алғыс хатымен ; / 2022 жыл/

♦ Зияткерлік олимпиадасында қосқан үлесі үшін ОБББ –сы И.Ө.Сағындықовтың Алғыс хатымен; /2020 жыл/

♦ Түркестан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Б.Еркінбектің Құрмет грамотасымен; /2022 жыл/

♦ Отырар ауданының адами әлеуеті дамыту бөлімі Ж.Мұсатаеваның Алғыс хатымен; /2022 жыл/

♦ «Мәңгілік ел – туған өлкем» тақырыбындағы аудандық Жас экологтар байқауында жүлделі орын алғаны үшін АББ- нің І дәрежелі дипломымен; /2021 жыл/

♦ Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі игілікті істері үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың Құрмет грамотасымен;/2019 жыл/

♦ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың Құрмет грамотасымен; /2021 жыл/

♦ «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы » қоғамдық бірлестігі Құрмет грамотасы /2022 жыл/

♦ облыстық «Инновациялық идеялар жобасы » сырттай байқауында А.Турсынбаевтың ІІІ дәрежелі дипломмен;/2022 жыл/

♦ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ Э.Асқарованың Алғыс хат /2023 жыл/

♦ Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық әлеуметтік орталығы: «Білім мазмұны жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру». Облыстық – онлайн ғылыми – практикалық конференциясында А.Турсынбаевтың Мадақтамамен;

♦ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Д.Болатханұлының Алғыс хатымен; /2023 жыл/

♦ Отырар аудандық білім бөлімінің бейінді оқыту – істер жөніндегі орынбасарларының семиарында «Дарынды, қабілетті оқушылармен бейініне қарай жұмыс жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама оқып Дипломмен марапатталды. /2024-2025 оқу жылы/

♦ Түркістан облысының білім басқармасы Құрмет грамотасымен;

♦ 2024 -2025 оқу жылындағы мұғалімдердің аудандық жетістіктері. «Digital Kazakhstan:Заманауи білім беру» тақырыбында өткізілген тамыз кеңесінде К.Нұрбекова Алғыс хатпен;

♦ Жамбыл атындағы мектеп – лицей директорының бейінді істер жөіндегі орынбасары Нұрбекова Кенжеайым облыстық білім басқармасының дарын орталығында « Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына республикалық кезеңге іріктеуге әділ қазылар алқасының құрамында болды.

♦ Жамбыл атындағы мектеп – лицей директорының бейінді істер жөіндегі орынбасары Нұрбекова Кенжеайым облыстық білім басқармасының дарын орталығында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының кезеңге іріктеуге әділ қазылар алқасының құрамында болды. /2024 жыл/

♦ БАҚ –ында жарияланған мақалалары:

♦ Altyn tobylgy педагогтар мен дарынды балалар,а арналған республикалық әдістемелік ғылыми – танымдық журналына «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы» тақырыбанда мақаласы жарық көрді. /2020 жыл/

♦ Altyn tobylgy педагогтар мен дарынды балаларға арналған республикалық әдістемелік ғылыми – танымдық журналына «Тірі ағзалардың сан алуандығы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

♦ Жас зерттеуші – молодой исследователь ғылыми журналына Отырар ауданы халқының ашаршылық, қуғын – сүргін жылдарындағы тағдыры тақырыбында мақала жарық көрді.

♦ Педагогикалық қызмеркерлердің біліктілігін арттыру институты Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда интербелсенді оқыту технологияларының рөлі мақаласы жарық көрді.

♦ Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық әлеуметтік орталығы: «Білім мазмұны жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру». Облыстық – онлайн ғылыми – практикалық конференциясының материалдары PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың география сабағында оқу сауаттылығын дамыту жолдары тақырыбында мақаласы жарық көрді

🦋 «Ұстаз – білімнің ғана емес, жүректің де шамшырағы» демекші, Кенжеайым Бұралқықызының әр сабағы табиғаттың сұлулығын сездіретін, ғылымға жетелейтін, өмірге сүйіспеншілік ұялататын үлкен мектеп.

📚Құрметті Кенжеайым Бұралқықызы!

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық,шығармашылық шабыт, еңбегіңізге жеміс тілейміз! Шәкірттеріңіз табиғатқа жанашыр, ғылымға құштар болып өсіп, сіздің мерейіңізді асырсын!

#ҰСТАЗДЫҚ_ҰЛЫҚ_ЕМЕС_ҰЛЫ_ҚЫЗМЕТ

#Жамбыл_атындағы_мектеп_лицейі

#Ұстазыңды_ұлықта!

https://www.facebook.com/share/p/19hXdHrnDg/