https://www.facebook.com/share/p/18AP6sTJYB/ «Ұстаз» фильмінің көрсетілімі
ҰСТАЗ" фильмі туралы.
Жуырда белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің идеясының желісімен түсірілген «Ұстаз» фильмінің көрсетілімі болды. Фильмнің сценарийін Гүлмира Зербай жазған, ал қоюшы режиссері – жетісулық жас талант Ерлан Ұшақпаев.
Фильмнің басты кейіпкері – Ұстаз, сондықтан Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетіп, ол өткен сенбіде «Qazaqstan» ұлттық арнасы арқылы күллі көрерменге жол тартты. Фильм Жетісу облысы әкімдігінің демеушілігімен шағын қаржыға түсірілген.
Десек те, көзі қарақты, көкірегі ояу көрерменнің өзіміз күнделікті өмірде маңыздылығына мән арта бермейтін мұғалімдік қызметтің шынайы болмысы көрініс тапқан «Ұстаз» фильмі туралы әлеуметтік желіде позитивті эмоцияларымен бөлісуі – оның қалың көпшіліктің көңілінен шыққанын, болашақтың негізін қалаушы ұстаздың қоғамдағы рөліне сол қоғам мүшелерінің бей-жай қарамайтынын аңғартса керек. Бүгіндері бізді қуантуға және толғандыруға тиіс нәрсе – міне, осы болса керек.
Бұл кинотуындының Президентіміздің биылғы жылы 5 қазан Ұстаздар күнінде айтқан «Мұғалім – қоғамның басты кейіпкеріне айналуы керек» деген сөзімен үндескен, көпшілікке толғақты ой салатын толымды тағылымы мол екенін атап өткім келеді.
Рас, бүгінгі күні елімізде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бар күш-жігерін сарп етіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Президент меңзеген қоғамның басты кейіпкерлері міне, осы ұстаздар. Алты Алаштың төріне де солар лайықты. Сондықтан да, мектептің жүрегі – мұғалімге деген ата-бабалардан жалғасқан құрметті тұтас қоғам қайта жаңғыртады деп сенемін.
«Ұстаз» фильміндегі қарапайым ауыл мұғалімі Ілиястың рөлін шебер сомдаған актер Еркебұлан Айдымбаев еліміздегі барша педагогтердің адал еңбегін шынайы көрсете білді.
Шығармашылық ұжым ұлт тәрбиешісі Ұстаздың бейнесін – фильмдегі Ілиястың жаңашылдыққа, қоғам санасында сілкініс жасауға ұмтылысы, оқушыларын армандауға, мақсат қоюға ынталандыруы арқылы көркем туындыда дәл әрі әсерлі жеткізді деп ойлаймын.
Қазіргі таңда педагогтер мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлықты айқын сезінуде. Бұл қолдау жалғаса да береді. Ендігі жерде фильм кейіпкері Ілияс ұстаз секілді ұстаздар көп болса, ауыл мен қала арасындағы білім сапасының алшақтығы әлдеқайда қысқара түсері хақ.
Фильмге сілтеме: