Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Смарт бала

💫Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Смарт бала» жобасы бойынша жылдық жоспарына сәйкес «Смарт бала» жобасының жетекшісі Г.Абызбектің ұйымдастыруымен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы өткізілді.

🔰Байқауға қатысушылар:

1.Жұмагелдиев Ислам 9 Ә сынып-«Үй жағдайында желдеткіш құрастыру»

2. Біржан Бекнұр 8 А сынып-«Қозғалатын бөлшектер»

3. Қосмағанбет Рауан 5 В сынып-«Манипулятор қолы бар көпфункционалды робот»

4. Елшібек Айсұлтан 5 В сынып- «Гибридті энергиямен жұмыс істейтін айналмалы механизм»

🎯Мақсаты:

Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалануға баулу.

🔰Міндеттері:

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәдениетін дамыту;

Интеллектуалды ойындар мен жобалар арқылы білімге қызығушылығын арттыру;

Дарынды және қабілетті балаларды анықтап, қолдау.

Өнертапқыш балалардың жетекшілері,информатика пәнінің мұғалімдері Төлегенова Перизат пен Керімбекова Индира әріптестерге алғыс білдіреміз!

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие

#Отырар_ауданы_білім_бөлімі

#Смарт_бала_жобасы

https://www.facebook.com/share/r/1D9848EmBj/