Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

🎯 «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы дебат сайысы

🎯 «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы дебат сайысы

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында оқушылар арасында тартысты әрі мазмұнды дебат сайысы өтті.

Бұл шараның мақсаты – оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, дәлелді пікір білдіруге және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. 💬

"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себебі тәрбиеде ме?Немесе ортада ма?" Осындай тақырыптағы

пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғап шықты.

Оқушылардың шешендік өнері, ой ұтқырлығы және командалық бірлігі жоғары деңгейде көрінді. 👏

Сайыс соңында үздік қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды:

🏆 «Үздік спикер»,

🌟 «Ой ұшқырлығы үшін»,

💡 «Көшбасшы тұлға» және басқа да номинациялар иегерлері анықталды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамда белсенді, жауапты тұлға болып өсуіне үлкен серпін береді. 🌱Дебатты ұйымдастырға "Болашақ" дебат клубының жетекшісі Өксікбаева Лаураға алғыс білдіреміз.

 https://www.facebook.com/share/p/1CvkPvTibK/