Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Шебер» бірлестігінің онкүндігі өз бастауын алды!

«Шебер» бірлестігінің онкүндігі өз бастауын алды! ✨

Білім мен шығармашылықты ұштастырған «Шебер» бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Бұл онкүндік – ұстаздар мен оқушылардың тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісетін, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын ерекше алаң.

Ашылу барысында бірлестік мүшелері өз бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырып, алдағы іс-шаралар жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығын арттыратын түрлі байқаулар, шеберлік сағаттары мен танымдық кездесулер ұйымдастырылатыны айтылды.

🔹 Онкүндік аясында әрбір іс-шара – білімге бастар жаңа қадам,

🔹 Әрбір қатысушы – шығармашылыққа ұмтылған тұлға!

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Онкүндік мазмұнды да әсерлі өтсін! 🌟

https://www.facebook.com/share/v/1FQ9WGJm8V/