ШӘКІРТІМІЗ «АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы" мен "ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталықтарының ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Бұған дейін мектепшілік,аудандық кезеңнен сүрінбей өткен мектебіміздің
3 "В" сынып оқушысы Марат Марлен 2-орынды иемденді.
Олимпиаданың мақсаты – математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.
Көп ішінен дара шығып, жеңімпаз атанған Марлен мен дайындаған мұғалімі Тәжиева Эльвира әріптесімізді құттықтаймыз!