ҮШ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде мектепішілік үйірме жұмыстары жолға қойылған."Жасыл клуб ","Жас биолог","Елтану",
"Жас Археолог" үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Үш ғылымның қайнар көзі"атты сайыс сабағын өткізді.
Білімнің алып бәйтерегі — үш ғылымнан бастау алады.
Тіл ғылымы – ақылдың кілті, ойдың шамшырағы.
Тілі оралғанның — дүниесі түгел, жолы ашық, өрісі кең.
Жан ғылымы – адамды адам ететін жүрек әмірі.
Мейірім мен парасатты бойына жиған жан ғана шын биікке көтеріледі.
Ал Жер ғылымы – тіршіліктің тұғыры, табиғаттың тағылымы.
Жерді таныған ел – өркениетке, жаңалыққа қадам басады.
Осы үш ғылым –адамды ізгілікке бастаған,қоғамды нұрға бөлеген,болашақтың шамшырағы болған мәңгілік мұралар!
Үш ғылымның қайнарынан сусындаған ұрпақ –
елдің ертеңін нық ұстайтын еңселі тұлға!
Сайыс соңында барлық оқушылар марапатталды,естелікке суретке түсті.
Жатқанбаева Айнұр- Елтану үйірмесі жетекшісі
Есенова Ұлпан -Жас археолог үйірмесі жетекшісі
Еркінова Кенжегул -Жасыл клуб үйірмесі жетекшісі
Төлегенова Мадина- Жас биолог үйірмесі жетекшісі





