https://www.facebook.com/share/p/15eR3axCNb/
«Сен және Заң»
Аудандық ІІБ кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі бөлімімен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жоспарына сай Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Отырар АПБ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Меңлібаев, Отырар АІІБ ЖПҚБ.ЮПТ инспекторы полиция капитаны Бақытжан Қапалбайұлы,полиция капитаны Д.Ерденовалар кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттамауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру және шылым шегудің, есірткі және алькоголь өнімдерін пайдаланудың зияны мен жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.